49013 дахь зочин!
avatar

МЕН: Есеп беру (Автордың рұқсатымен)

2025-05-19,12:44
Амараа ахын
Таван хормын тайланд
Таван хоног төвлөрч
Түүх болгон үлдээх гэж
Төрлөх хэл рүүгээ
Зориг гарган ийнхүү хөрвүүлэв.

Дархан-Уул аймағының Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сатыдағы сотының төрешісі, Бас төреші қызметін атқарғаннан кейін зейнетке шыққан ардагер сот Лувсандаш ұлы Амарсананың құрметіне арналған отырыста сөйлеген сөзі (Автордың рұқсатымен):

МЕН: Есеп беру

Анам мені барыс жылы туған дейді
Әкем баспалық кітапты ұнататын дейді
Лама мешін жылы қарсы деп болжайды
Ұстазым мені сауатты деп растайды

Аталарым орыстың буряты
Әжем Түшээт ханның қызы
Әкем мен анам
Ұлтын «Халқа» деп көрсеткендіктен
Мен де өзімді Халқа деп санаймын

Әкем – ұстаз, анам – ұстаз
Әпкем – ұстаз, інім – ұстаз, әйелім – ұстаз
Ұстаздар отбасында туып, өсіп
Солардың жанында қартайған соң
Мұғалім мамандығын құрметтеймін
Мұғалімді сыйлаймын

Ата-бабам Дундговь өңірінен
Өзім Өвөрханғайданмын
Туған жерімді туған өлкем деп санаймын
Барақаттап барған жерімді қонысым деп білемін

Жақсы жардың бағы
Жақсы ұрпақтың несібесі
Басымыз қосылып, тағдырымыз жарасқандықтан
Өзімді бақытты сезінемін

10-сыныпты бітіргенімді
Аттестат растайды
Ертең-ақ соғыс басталатындай
1080 күн әскери борышымды өтегенімді
Әскери билет дәлелдейді

«Цацрал» бірлестігінде грузчик, кочегар, дизельші болып
Көбісі орысша атаулы жұмыстар атқарғаным
Еңбек кітапшамда жазулы болғанымен
Орыс-Монғол достығына
Нығайтқан да, бұзғаны да жоқ

Заң колледжінің соңғы шәкірті
Заң университетінің алғашқы түлегі
Жалақы алатын студенттердің соңғысы болғаным –
Уақыттың сәйкестігі,
Тағдырдың тәлкегі емес,
Керісінше, мақтанышым деп санаймын

Ұлы ғалымдардың қазанына
Ожаумен іліге алмасам да
Қасықпен дәм татқаным үшін қуаныштымын

1991 жылы 10 тамызда
Хэнтий аймағының сотына алғаш аяқ басып
Сот отырысының хатшысы болып
Аймақтық соттың төрешiсiне дейін қызмет жасағаным
Асқар таудай ақсақалдардан
Судай тұнық асылдардан
Баталы сөз естіп, баспалдақ аттағанымнан

Бэрх елді мекенінде тұрақты жұмыс істеп
Қиындықтан қашпадым
Дайын тамаққа үйір болмадым
Дайынға жармасып, еліктеп-солықтаған жоқпын
Үйренуім керек, меңгере аламын деп
Бар күш-жігерімді сот ісіне салдым

25 заңды қамтыған
Ақ түсті мұқабадан басқа
Көретін де, оқитын да ештеңе жоқ
Тек шынайылықтың күшіне сендім
Жалғыз мен емес,
Біздің буын түгел
Осы жолмен жүріп өтті

Ардагер төрешiлерден үйренбедім десем
Қателік болар...
Хан-Уул сотында алғашқы көмекші төрешi болып
Он жыл жұмыс істеп
Қателікпен де, жетістікпен де еңбектенгенімді жасырмаймын

Ілім мен білімге құштар болғандықтан
Артқа кейін шегінбесем де
Алға суырылып шықпадым
Әкімшілік істер бойынша алғашқы төрешiлердiң бірі болып
Жарлықпен тағайындалдым
Мұныма шүкірлік етемін
Қалалық Әкімшілік сотында
Жас ұжыммен бірге
Қызмет еткенімді мақтан етемін

Өмір мен еңбектің
Он жеті жылын
Алпыс жылдық тарихы бар соттың
Салтанатты ұжымымен бірге
Өткізгенім – мәртебе
Үйренгенім – бақыт
Уақыттың ауыртпалығында
Жақсы ұжыммен болғаным – мақтаныш

Президент жарлығымен
Бас судья болып тағайындалдым
Қарапайым судья да болдым
Басқардым деп
Бәрінен биік көрінбедім
Басқарылдым деп
Көлеңкеде қалып қоймадым
«Дарханның соты – менің сотым, сенің сотың, біздің сотымыз» деп
Бөскенімді енді орынды деп білемін

Сот атты әділет шаңырағында
32 жыл 4 ай 10 күн жұмыс істегенімді
Қағазбен дәлелдеп,
Мөрмен бекіттік

Жаза үкімін көп шығармасам да
Шешім мен қаулыны аз жазған жоқпын
Оқығаным көп болмаса да
Түсініп сезінгенім де аз болмаған сияқты

Алдыңғы буынды құрметтедім
Өз буынымды қолдап, сыйладым
Келесі буынға бағыт беруге әзір болдым

Жас болдым деп
Тәкаппарланбадым
Қателікті түзету үшін
Жақсылықты қолдау үшін
Бірге ұмтылуға әр кез әзір болдым

Ламаға табынбадым
Партияға бағынбадым
Қисық балтадай
Ешкімге зиян келтірмедім

Көркем мінезді көрінемін деп
Балдырдай былжырамадым
Біреуге жала жаппадым
Арам тамаққа жоламадым

Адал болдым деп ұтқаным жоқ
Харам болмадым деп ұтылғаным да жоқ
Бас сауғалар үйім болмаса да
Теріске бас иген жерім де жоқ

Тек жалақыммен өмір сүрдім деп
Мұңаймадым
Кердеңдеуді де, кекіре сөйлеуді де ұнатпадым
Жеп-ішіп, киіп-өткенге
Ынтық болмадым
Жоқ деп жабырқамадым
Бар деп марқайып, мақтанбадым
Барға қанағат тұттым
Көптің көзіне танылу үшін
Елдің алдына түсіп мақтанбадым
Міндеттен қашып
Біреудің артына тығылмадым

Ерлік көрсетіп тарихқа енбесем де
Зиян жасап сотқа шақырылмадым

Даңқ шыңында желбіремеген соң
Ала көз қызғаныш маған жұқпады
Адам қалпымнан айнымаған соң
Дұшпан да менде жоқ болды
Біреуге жала жаппадым
Қылмыс жасамадым
Күнәға батпадым
Арамдықпен шұғылданбадым
Басқаларға салмақ салмай
Өз өмірімді кешкенім – бақыт деп сендім

Еңбегімді бағалап
Алтын жұлдыз орденімен марапаттады
Қызметімді мойындап
«Еңбек ардагері, қызыл ту ордені» атағын берді
Ұзақ өмір жолында
Қанттай тәттіні шектен тыс татып
Бұрыштай ащыны да бастан өткердім

Жақсы менен жаманмен қатар өмір сүрдім
Жұмсақ пен қаттыға төздім
Қара менен ақпен қатар өмір кештім
Сүйіспеншілік пен мейірімге сүйеніп, қарапайым қартайдым

Махаббаттың ыстық күндері алыстап
Естеліктің сарғыш парағы басталды
Бүгіннен бастап
Заяа ханымның қамқорлығында
Зейнетақылы қарияға айналдым

Бес минуттық есебімді
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет
Сұрасаңыз – жауап беремін
Сұрақ болмаса – қуанышпен қоштасамын.

2024.02.23. Дархан қаласы (Аударманы 2025.05.17. Өлгей қаласы, С.Өмiрбек)
бичсэн: Umirbyek Sultanmurat төрөл: | (0) Сэтгэгдэл | найздаа илгээх

Сэтгэгдэл бичих
Сэтгэгдэл:




:-)
 
xaax