41377 дахь зочин!
avatar

ҰЛЫ ӘКЕМ А.ҚОСБҮРКІТТІҢ ӨМIРБАЯНЫ ТУРАЛЫ АҚЫН Ж.АРГЫНБАЙ ЖАСҒАН “БIР ЕСIМI ЕР ҚОСАЙ БОЛАТЫН” АТТЫ ДАСТАН

2012-05-16,10:21
 Бiр ЕСIмI “ЕР ҚОСАЙ” боЛАТЫН

(Очерк-дастан)

 

Жылқышысы бір байдын Ағызам-ды,

Бақай еді жұбайы сағыз жанды.

Отасқалы он бес жыл шыр етпесіз,

Іштей шөлдеп екеуі сарылған-ды.

 

Ақ тілегі берді ме бағын оңдап,

Әлде тағдыр тынбақ па сол күн жалмап,

Қарашада  бұрқатқан әлгі аруды,

Үш күн, үш түн қинады ашты толғақ.

 

Із куды ма, олжасы қолды болып,

Жолықты ма, ылғи ақ жолды болып.

Екі  бірдей саятшы қүсымен кеп,

Түсе қалды жолдары онды болып.

 

Сол-ақ екен ару да қүрсақ жарды,

Асасынан өмірге ұл кеп қалды.

Жылқышының отарда күркесінде,

Шілдехана бесеу боп тойлап та алды.

 

Құт меймандар түскендей әнді іркіп кеп,

Таныменен  шырқады көсіліп  бек.

Ақ тілекпен шақырьш асыл мүрат,

Түңғыш үлға ат қойды «Қосбүркіт»  деп.

 

Сараң тағдыр сақтады қолы құрдан,

Тағы он жылда жалғыз қыз зорға қиған.

Осыменен сөнді де жастық жалын,

Бақай ару жесір қап өксіп тынған.

 

Бір іргеден іргеге көшіп-қонып,

Бір алашқа байланды көрші болып.

Қара торы, домалақ, он бірдегі ұл,

Қозы жайып, қой  бағып өсті толып.

 

Зақпысымен шіл ұрып, ұлар  атып,

Күшік матап жондардан бөрі улатып,

Бірде қарсақ, ор түлкі,  бірде қасқыр,

Қанжығалап қайтады қанға батып.

 

Қате баспай. қақпаны, у-құрығы,

Қотыржоннан қандыауыз жау қүрыды.

Жасы кіші  «Қосайлап», үлкен  сыйлап,

Тәлім етті өз бағы, өз сұмыны.

 

Қоян  ұрса,  «Бүркіт»  деп құрбылары,

Түлкі алғанда, «Қыран» деп жыр қылады.

Жиырмасында  нұр  жауып талапты  ерге,

Бір калиберсаудадан сый қылады.

 

Түңғыш   мерген қойшыда сыйы мылтық,

Оғы жерге  түспеді,  тұрды  қырқып.

Мылтығымен  сұмыны  «Қосқыран»   деп,

Аумағында   аталды   «Екі   бүркіт».

 

Ел мақтаған  жігітті   жағаттаған,

Қыз бой жетті  қорадан  сылақтаған.

Бидай өңді, қара шаш, көрікті ару,

Үкі олжасын жігіт те сүратпаған.

 

Қан қақырған   дүние   жанталастан,

Қүтылып бір сейіліп, тынып   аспан.

Көтеруге  күйзелген шаруаны, елді,

Жұмылған шақ, іс қауырт қарбаласқан.

 

Малын   бағып,   шаруасын   жұтындырып,

Аңын   аулап,   саудасын   ұмтылдырып,

Өскен  ерді  ұнатты  агент аға,

Жастай  қанат  болған   сон талап құрып.

 

Бұқатына   мергенді   серік   көріп,

Қалың  малсыз  әжесі  көніп  беріп,

Қарақат көз  сұлуды  енгізіп   ап,

Бақай   қарық   күркесі   көріктеніп.

 

Қуанышқа  шешесі   қанып   болып,

Махаббатты  екі  жас танып  болып,

Он бес күнде әскерге   аттандырды,

Жол болсын,—деп маңдайың жарық болып!

 

 

Үйреністе ол өзін бұрай түсті.

Адалдығын борышқа сынай түсті.

Сүюді де ел үшін күюді ұғып,  

Жігері мен қайратын шыңай түсті.

 

Талғамады тағаты күнді, түнді,

Жиды азық білімнен қазып кенді.

Талабымен танылып  курс оқып,

«ЗИС-150»  әскерден  матап мінді.

 

Жолға  шықса  бір  мызғап түнді  сарқып,

Дивизионның отынын тасып тартып.

Аялдаса, мотормен жағаласып,

Батальонға жеткізді азық артып.

 

Көкбас сона талап жеп кәлде қалып,

Қүйға батып, өн бойын селге малып.

Жол алдамшы, жер күдір сырын білмес,

Төзді бірде қаталап шөлде қалып.

 

Ескісі еді «Зис»-тің де салымы ма,

Қарымына жүк түсті танымына.

Жүз тексеріп,   моторын сан  ақтарып,

Табындырды зерделі алымына.

 

Мәртебесін  асырып,  абыроыын,

Жолын аршып бақытқа апаратын.

Елге оралды, мініске темір түлпар

Қаңтаратын, бәйгелеп «шофёр» атын.

 

Мойны босап көк атан шомсыз қонып,

Елдің,  ердің,  мейіріне қамын жорып,

Артель жүгін «ЗИС»-ке артты күндіз туғанү

Жүлдыздардың көгімде соңы болып.

 

Шалап суды алты күн етіп  азық,

Салбаңды өрлеп, қар малтып жетті қазып,

Ақтабаннан  сұмында сәпек  киіп,

Сүт заводқа  апарды  бөшік артып.

 

Астанаға  сарғыш  «ЗИС»  алыс  беттеп,

Ауыр жүкпен өрлерді өтті көктеп.

Тозған серіппе үзіліп  бір шалғайда,

Рессур сап  қайыңнан  үрды кептеп.

 

Отты толғам, сөнсін бе жалын текке,

Тонналарды көтеріп  қайың  серіппе.

Астанаға ақаусыз алып барды,

Қайраты мек қажырын таңып сертке.

 

 

 

 

Ұтқырлығы  ойламның  жүректілік,

Қысылғанда шығатын түнек түріп.

Ер жігіттін, наркеспе қасиеті,

Тосқауылды,  бөгеттi өтер тіліп.

 

Жолаушы артып Архангай «Ақ кезеңмен»

Еңкейгенде  асудан  тік кезеңген.

Ала қашса, рам мен кардон сынып,

Құтылып көр апаттан, ор қатерден.

 

Құлдай ұшып рульмен арпалысып,

Апат бұрма жол тосып, жар таласып,

Ұшпа күңгей астында жаза басса,

Ажал, айла жарысып, жағаласып.

 

Қорқыныш пен өжеттік сабаласып,

Өмір, өлім тоғысып, араласып.

Орамдылық, батылдық, ақыл-айла,

Алып түсті етекке ала қашып.

 

Жолаушы аман жайратып төгіп алмай,

Таудан құлап тұлпары күйреп қалмай.

Ерлік екен апаттан алып шығу,

Тегершегін  өмірдің үзбей,  жармай.

 

 

Көзге түсіп қимылы көпке   тарап,

Алып кетті парткомға бастық қалап.

Көне «Газик» маркасы алпыс жеті,  

Дүлдүл екен, адаспа «ЗИС»-ке балап.

 

Жетіншісі, бар жоғы аймақтағы,

Өзге емес парткомның таңдатқаны.

Көңіл шалқып тасыды, хатшы да жас,

Тасқын көңіл тұлпардан мін таппады.

 

Мүрат көріп, ырысым деп ынтымақ, 

Малшы қауым  Ленинмен үндескен шақ,

Күйкі өмірді  аластап,   оқшаулықты,

Қотарыла ортаққа бірлескен шақ.

 

Жүмыс қауырт  бастыққа туындады,

Ел аралап  түгендеп,   сүмындарды.

Жеделдетіп бірлесу қозғалысын,

Ойда-қырда өткізді жиындарды.

Хатшы асықса ат жолға сия алады,

Ешкі болып шағылдан қиялады.

Тасқынында маусымның Сырғалыдан,

Жүзіп шықты жанға аял сұрамады.

 

Жылдар кетті, қысылшаң түндер өтті,

Уақыт жылжып, шуақты күндер жетті.

Сусылдатып су жаңа—«69»

Тамсандырды Қосекең, төңіректі.

 

Естелікке үйреткен ескі хатшы, 

«Жол жорғаны»  әндетіп  мамырлатты. 

Ол қалтырған Лениннін, томдарынан,

Жол қысқартып  цитаттар  жамыратты.

 

Шалғай да жоқ, күдір  де ол жетпеген,

Бәрі сүрлеу, жол жаттық ол беттеген.

Хатшы ұнатқан дәріптеп жақсылықты,

Ол  жиренді жымсына  күнелтпеден.

 

Ашық-жарқын машығы тегіннен бір,

Борышты да Қосайша сезіне біл.

Қорытынды  алып Хужирт сайлауынан,

Бес сағатта Өлгийден көріне біл.

 

Жаңа бастық таңдады түлік қамын,

Шопандарды,   жайлауды  сүзіп   бәрін.

Қыс бағымды еске сап ерте жаздан,

Көпті тыңдап, толғайды өз ұққанын.

 

 

Танып мұнда  жиылғанның көбісін,

Бұл өлкенің қонысында да өрісін,

"Бәр-бәрін де жаттап  келіп Қосайдан,

Қозғап отыр сай-саланың өнісін.

 

Майталмандар   шабысынан   танбайтын,  

Сеніп отыр «Қосайына қорғайтын».

«Айтып қояр»-деп қысылар қырсыздар,

Кеш  өргізіп,  қой соңынан  бармайтын.

 

 

Жүн-жүрқаны   тапсыру   кешеулетпей,

Малды отармен тойынту мезгіл өтпей,

Сүт селдегту сиырдан,  пішен шабу,

Біткен бе еді шофёрдің терін төкпей.

 

Көкмойнакқа Алтайда шықты асылып,

Мұқырынан Түлбаның тік шаншылып.

«Дэлүүнде тербелді кілкемеден»,

Бәр-бәрінен өрбіген «жыр» қаншалық?!

 

Қалтарыста калмады үй жалтарып,

Төлшілерді  санады жүз  қайтарып.

Есен түрса, «хорошо!» өз бағасы,

Қыры азды калжыңмен қырқай шалып,

 

Шұрқырасып жастармен тумасындай,

Әзіл қосып үлкенмен қүрдасындай,

Төлші жеңгей жолықса қалжыҢбас боп,

Айтыспай  да қоналқа күр қалсынба-ай!

 

Егдесін де, жасын да  сауыншының,

Әр сиырдан алынған сүттей шығым.

Қалт жібермей межесін, олжасын да,

Түселге де біледі сыңай-сырын.

 

Айта келер аймақтың жаңалығын.

Партияныц тағы бір даналығын.

Қыздырмалап үлкенді, келіндіде,

Сынай келер шаруаның шалалығын.

 

Күле кірсе,  хабар бар  көңілді тым,

Бірлестікке үкімет жеңілдiгін,

Құттықтауы, я сыйлық жаңа «ЗИЛ»-мен,

Сұрамағы жоралы көрімдігін.

 

Сүрқай кезде куырып жон танабын,

Жеделдетіп қыс қыстақ қарбалаңын,

Министр ап, бір кезек өкілдермен

Өрге тартып жетеді іс талабын.

 

Каңтар қысып қақады, уақыт қымбат,

Кеш  қалудың кесірін сезінген шақ.

«Сұртұмсығын   Бодайдың» қиып  өтпей,

Қимыжықтап  жүруге  тұр ма  мүрсат?

 

Бүл—Бүркіт қой, бұлтарыэ бұра алар ма?

«Үхэрчиннен» тік тартпай тұра алар ма?!

 Бәр күдірден от кешіп, асу асып,

Аты қапты күлама қияндарда.

 

Ақпандатып,   қарлатқан   бұрқасында,

Алай-тулей  лақшын қырқасында.

Қарыс жерді көрсетпей құйын борап,

Кетті дулей  ақ түнек ортасында.

 

Сәл кідірсе көміліп доңғалағы,

Журсе тілсіз таптырмай жол сорабы,

Қатырмасқа моторды, үсінбеске,

Жарты тәулік жоталап шиырлады.

 

Көзсіз тартып кеселге урын бады,

Жан аяштап тағдырға  сиынбады.

Селт еткенде куректеп, үш шақырым,

Жол аршыды өмірден суынбады.

 

 

Тізгін устап отыз бір жыл өтіпті, ,

Жеті жүз мың шақырым жол ұтыпты.

Он жеті рет әлемді  айналған ғой,

Өмір оған не қилы сыр шертіпті.

 

Санап  қалай   таусармын,   сұрамағын,

Қешті жолдың  шытырман бұралаңың.

Бөгеттермен  белдесті,  киындықпен,

Білген екен құзарға шыға аларын.

 

Балаң жылдар арқалап  тапшылықты,

Бір камерді жүз қайта жамауды ұкты.

Сурамшақтар  ұқыпсыз  тағы  үйретті,

Көпке үнемшіл,  азына  караулықты.

 

Мурсасында ақтарып тетіктерді,

Он қайтарып тексерді  кемтіктерді.

Аялдаса, қатайтты  бір  бұраңда,

Жол үстіне шұқынып түтікпеді.

 

Мотор үні—жан досы, сырын бүкпес,

Шағым етер шаң тисе, жаза кетпес.

Сырқат сырын жүректің соғысынан

Тыңдап ұққан көріпкел врач тектес.

 

Жиырма бес жыл жел қайық «газик» мініп,

Дарияларын өмірдің  жүзіп  келіп,

Түгендепті винттерді, пенденің де,

Қырын-сырын көкейде тізіп көріп.

 

Жайсаңдардан   бақытты   армандауды,

Өршілдікті, күндікке   алданбауды,

Қайсарлықты ұғыпты, қажымасты,

Жетіп, сарқып, тындырмай бір талмауды.

 

Жасқа қамқор, білмеске кеңдігімен,

Қысылғанға нұр себер ерлігімен,

Танылыпты бір жүртқа бес келтірген,

Өндіместің қажыпты ездігінен.

 

Досқа жомарт, жатқа бар жанашыры,

Үңілгенге көрінер жан асылы.

Жалбырыншақ,   еңбексіз,   пайдакүнем,

Жалқаулармен табылмас жарасымы.

 

Іске ожар, аршынды, сөзге берік,

Жүйріктерден өнеге алған теріп.

Екі   сөзді  жалтақой   жылпостардан

Өн   бойымен  суынып кеткен жеріп.

 

Жел жағынан озсаң да алдын орап,

Өкпесі  бар жауатын  бұлттай  борап.

Жайнап кетер айналсаң, өткіншіден

Аспандай боп айыққан Күн жадырап.

 

Жан. қүмары жаңалық, жақсылықты.

Жаратуды  бір сәт  те  тоспау  құтты,

Көпірмешіл, мақтангөй, құр мырзалық,

Жаны сүймес даңғойлық,  астамдықты.

 

Содан үнем байқағыш істің парқын,

Қатысынан шамалап жігіт нарқын.

Сыйламасты әзілдеп танымас қып,

Бір түйінге келудің тосар шартын.

 

Оң келмесе  сәлемің  «Буркітпін»  дер,

Иланбасаң, «Қыран» боп бір күн түнер.

Танымасқа:  «Қос қыран», «Екі   бүркіт»,

Сыйласқанға  Қосбүркіт—шұрайлы   ер.

 

Партия ұранынан қуат алып,

Тартады ұдай алға қыза шауып.

Төрт жылда бесжылдықты кейін тастап,

Ұқыптылық, үнемді мұрат танып.

 

Жаңалап  содан тағы  ат талғапты,

Аймағы «Саңлақ» дейтін бір ат тақты,

Олқы  кеп  «Екпіндісі»  бесжылдықтың,

Отаны «Үздік  шофёр»   атай  сапты.

 

Бәстерде бәйгені алу—ұмтылары,

Межені жаңартқанда жан тынады.

Тынымсыз   еңбекпенен   егіз   туған,

 Биікке, жеңістерге ынтық әлі.

 

1979 жыл.

бичсэн: Umirbyek Sultanmurat төрөл: | (5) Сэтгэгдэл | найздаа илгээх

Сэтгэгдэл бичих
Сэтгэгдэл:

blogtoo tani blogiin linkiig oruulsan bga shuu aimgiin shuugch gj hehe
Бичсэн: Bazar хэзээ: 20:22, 2013-01-02 | Холбоос | |
Askum jumusinz alda ma jana jilinzben! minau menin blogim kirip turniz, sanaa onoo shuumj helj demjij baygaaray!
bazaar.miniih.com
Бичсэн: Bazar хэзээ: 20:19, 2013-01-02 | Холбоос | |
Рахмет баярлахбичнээ...
Бичсэн: Umirbyek Sultanmurat хэзээ: 05:56, 2012-12-14 | Холбоос | |
askum
Sizdi blogna narse hostimeken dep blognizga unemi kirip hoiam.... nege ewteme jazbai kettiniz jumustan holniz tymei jur ma jo ewkim kirmeid dep hoip saldiiz ba. Uahtinz bolsa mergejliin yum hum bichij bwal unshij bna shuu
Бичсэн: Bazar (зочин) хэзээ: 05:43, 2012-12-14 | Холбоос | |
Unildim Ata tarixina men bugin..
TuLgasin magan kolimdi sermer keldi kun
Bayandap taram joldarga arnau jazatin
Nemeren bugin osipti,shabit ber kunin!!
Janima huat beredi Tulpar Tenbilin.
Elestete alam Minezinizdin ken nurin..
Texnikani Tulpardai matap minetin..
Hairatinzdi tanisin Ata el bugin!!!
Бичсэн: Амирбек Султанмурат (зочин) хэзээ: 23:42, 2012-05-16 | Холбоос | |



:-)
 
xaax