
ҰЛЫ ӘКЕМ А.ҚОСБҮРКІТТІҢ ӨМIРБАЯНЫ ТУРАЛЫ АҚЫН Ж.АРГЫНБАЙ ЖАСҒАН “БIР ЕСIМI ЕР ҚОСАЙ БОЛАТЫН” АТТЫ ДАСТАН
(Очерк-дастан)
Жылқышысы бір байдын Ағызам-ды,
Бақай еді жұбайы сағыз жанды.
Отасқалы он бес жыл шыр етпесіз,
Іштей шөлдеп екеуі сарылған-ды.
Ақ тілегі берді ме бағын оңдап,
Әлде тағдыр тынбақ па сол күн жалмап,
Қарашада бұрқатқан әлгі аруды,
Үш күн, үш түн қинады ашты толғақ.
Із куды ма, олжасы қолды болып,
Жолықты ма, ылғи ақ жолды болып.
Екі бірдей саятшы қүсымен кеп,
Түсе қалды жолдары онды болып.
Сол-ақ екен ару да қүрсақ жарды,
Асасынан өмірге ұл кеп қалды.
Жылқышының отарда күркесінде,
Шілдехана бесеу боп тойлап та алды. ...